"Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жалтыркөл ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Жалтырколь отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

Тарих сабақтары

22.01.2026

21 қаңтар күні 6-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Моңғол шапқыншылығы және оның салдары» тақырыбында сабақ (мұғалім А.С. Накупов) өткізілді. Сабақ барысында оқушылар моңғол жаулап алуының негізгі оқиғаларымен және оның Қазақстан аумағының дамуына тигізген әсерімен танысты. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Сабақ жақсы, жағымды атмосферада өтті, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.

22.01.2026 күні 8-сынып оқушыларымен тарих апталығына орай  «Тарих ғасырлар куәсі» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара оқушылардың тарихқа деген көзқарасын өзгертіп, олардың өз ойларын жүйелі әрі сенімді түрде жеткізуіне ықпал етті. Оқушылар тарихи кезеңдер туралы тереңірек ойлап, білімдерін практикада қолдана отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытты.
Бұл іс-шара оқушыларға тарихи білімдерін кеңейтудің және өзін-өзі дамытуға деген қызығушылықтарының артқанын көрсетті. Мұндай іс-шаралар тарихқа деген ынтаны нығайтып, оқушылардың жалпы білім деңгейін арттырады.

Просмотров: 54


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

2016 ©  sh-test.akmol.kz. Все права защищены

Текст