« Жас физик
» атты білімділік сайыс
Мақсаты:
Ұйымдастыру кезеңі.
1- айналым. ʺКөкпарʺ
2 - айналым. ʺ Жұмбақ тас ʺ
3 - айналым. ʺ Үш таған ʺ
4 - айналым. ʺ Лидерге жету ʺ
І - айналым
«Көкпар»
Физика пәні
бойынша сұрақтар ұяшықтарға
бөлінген. Сұрақтардың ауырлығы
бойынша тиісті баллмен
есептеліп отырады. Сайыс ережесі
бойынша осы айналымнан
кейін ең жоғарғы балға
ие болған 4 оқушы
қалуы тиіс.
Физика |
20 физиканың мақсаты /табиғатта болып жатқан әр түрлі ф.қ өзара байланыстарын ашу/ |
30 табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері /бақылау, эксперимент, теориялық зерттеу/ |
40 физикалық ұғымдар дегеніміз не? /ф.қ мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер/ |
Астраномия |
20 күн жүйесі құрамындағы планеталарды ата? /меркурий, шолпан, жер, марс, юпитер, сатурн, уран, нептун/ |
30 уран мен шолпанның ерекшелігі /өзін-өзі айналу бағыты қарама-қарсы бағытта/ |
40 меркурий, марс, юпитер, сатурн қазақшы аттары/кіші шолпан, қызыл жұлдыз, есекқырған, қоңырқай/ |
Заттар құрылысы |
Қатты денеге тән қасиет? /пішіні мен көлемін сақтайды/ |
30 аморф дене мен кристалл дененің айырмашылығы? /Аморф денеде малекулалары ретсіз, кристалл денеде молеулалары ретпен орналасады / |
40 Молекулалық-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
атомдардан тұрады. 2. Молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалыста болады. 3. Олардың арасында тартылу күші мен тебілу күші әрекет етеді |
Үлкен және кіші сандар |
20 «Өлшемдердің метрлік жүйесін» енгізу туралы Конференция қай жылы қай қалада өтті? ? /1793 жылы Францияда / |
30 1/1000 000 000 000 Бөлшек санды ықшамда /10-12/ |
40 150 000 000 км ықшамда /1,5·
/
|
ІІ - Айналым «Жұмбақ
тас»
Қазақтың ертеден
келе жатқан таста жасырылған /10/ жұмбағын шешулері керек. Әрбір дұрыс жауап
берген оқушыға 10 баллдан
есептеліп отырады. Сайыс
ережесі бойынша осы айналымнан
кейін жоғарғы балға
ие болған 3 оқушы қалуы
тиіс.
1. Алма түсіп қасына,
Қасына
емес, басына.
Тартылыс заңын таптым деп,
Кетті ғалым алысқа /И. Ньютон/
2. Бір бұлбұл отырады салып әнді,
Жүруге
аяғы жоқ, емес жанды.
Өнері
қандай асқан деп ойладым.
Бір демде
жер түбінен хабар алды /Радио/
3. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол
көрсетіп береді,
Бірақ
өзі көрмейді. / Компас/
4. Тар
шеңберді айналып ,
Тұр
қазықта байланып.
Қаға
берер таңдайды,
Әдетінен танбайды
/Қабырға сағаты/
5. Көкке қараған, жұлдыз санаған /Телескоп/
6. Алтын теңге кетеді,
Күміс
теңге келеді. / Күн мен ай/
7. Өзі
затты құрайды,
Теңесуге таразы сұрайды
/Масса/
8. Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі
ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде қызы күндіз
Жүргенде
білінбейді басқан ізі. /Күн мен
Түн/
9. Мұз жарғыш жүзіп келеді
Бауыры
қызып келеді
Абайла
ойып түсер
Ондайлар бұзық келеді
/Үтік/
10. Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланам өмірге жарық үшін
/Электр тогы/
ІІІ -Айналым «Үш таған»
Үш бұрыштағы
берілген ф.шамалардан бір-біріне байланысын табу керек. Әрбір дұрыс жауап
берген оқушыға 5 баллдан есептеліп отырады. Сайыс ережесі
бойынша осы айналымнан
кейін ең жоғарғы балға
ие болған 2 оқушы
қалуы тиіс.
m
|
v
|
ρ
|
4-Айналым «Лидерге
жету» Оқушыларға 2
түрлі тәжірибие беріледі
және сол тақырыпқа
байлынысты өзінің пікірін
жұртшылыққа жеткізе білдіруі
тиіс. Ең жоғарғы
балл - 50
балл.
А. Шыны
ыдысқа ашық көгілдір түсті мыс тотиянының ертіндісін құйып, оның үстіне таза
суды құйып қоялық. 2 аптадан кейін
..................................................................?
1. Бұл қандай құбылыс?
2. Қандай күйдегі
құбылысты бақылауға арналған тәжірибие?
Жауабы:
сұйықтықтардың арасындағы шекара жойылады, ыдыста бір түсті ерітінді
түзіледі.Сұйықтықтардың молекулалары үздіксіз және ретсіз қозғалыста болады.
Бұл процесс диффузиядеп аталады.
Б. Түйісетін
беттері мұқият тегістелген қорғасын мен алтынды бір-біріне беттестіріп, 5 жыл
өткеннен
кейін.....................................................................................?
1. Бұл қандай құбылыс?
2. Қандай күйді құбылысты
бақылауға арналған тәжір ибие?
Жауабы: бір-біріне 1мм тереңдікке өтіп, тұтасып, жабысып қалады.
Қатты денелердегі диффузияны бақылауға арналған тәжірибие. Бұл процесс диффузия
деп аталады. Қатты денелерде диффузия
баяу жүреді.
Сайыс соңында
жеңімпаз мақтау қағазымен
марапатталады.