Хабарландыру
Мемлекеттік білім беру ұйымы педагогінің уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы.
І. Білім беру ұйымының атауы: Ақмола облысы Аршалы ауданының "Жалтыркөл а. НОМ" КММ.
тел 8 700 272 18 78
Электрондық пошта: akm-arshaly-zhaltyrkol@mail.ru
ІІ. Уақытша бос лауазымның атауы
1) Ағылшын тілі мұғалімі-22 сағат, негізгі қызметкердің декреттік демалысы кезінде
Жалақы: білім деңгейіне, біліктілігіне және жүктемесіне байланысты айына 250 000-нан 350 000 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "құндылықтарға негізделген білім беру"тұжырымдамасы негізінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын пайдаланады.
Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімді сумативті бағалауға арналған тапсырмаларды және тоқсандық сумативті бағалауды жасайды.
Электрондық журналдарды толтырады.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, жүйелі-белсенділік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оларды оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес толық көлемде іске асыруды қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің, мұғалімдер қауымдастығының, әдістемелік, педагогикалық кеңестердің, желілік қауымдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысатын сыныптарда оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамудағы ауытқуларды барынша ескеруге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Ата-аналарға арналған педагогикалық консилиумдарға қатысады.
Ата-аналарға кеңес береді.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды және қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын адамдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды орындайды.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім беру процесінің барлық субъектілері, оның ішінде балалар отбасы қатысатын ұйымға " құндылықтарға негізделген білім беру "тұжырымдамасын енгізеді.
Білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын қалыптастырады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; Педагогика және психология;
пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері; оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар ;еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру және құқық негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау жөніндегі қағидалар, санитарлық қағидалар мен нормалар.
ІІІ. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талаптар қоймай, тиісті бейін бойынша педагогикалық қайта даярлауды немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық білім беруді растайтын құжат.
IV. Құжаттарды қабылдау мерзімі
Байқау 2023 жылғы "6" сәуір мен "15" сәуір аралығында(қоса алғанда) өтеді.
Құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде Ақмола облысы Аршалы ауданы Жалтыркөл ауылы, "Жалтыркөл ауылының негізгі орта мектебі" КММ, Сана би көшесі, 18 мекенжайына жолдау қажет,
тел 8 700 272 1878
Жұмыс уақыты: 9.00 - ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін
Сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін
Демалыс : жексенбі
V. құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жібереді:
1) лауазымға тағайындау қағидаларының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш. ..мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері;
2)жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) лауазымға тағайындалу қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы...мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері;
VI. Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі
Педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі 3 айды құрайды